Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Хазрет Али» мешітінің имамы Иманқұлов Бақытжан қыстың қытымыр аязына қарамастан қар күреп, қаланың көшесіне жауапты жандарға жылу сыйлап, ыстық шай берді. Сондай-ақ мұқтаж жандардың жанынан табылып, азық-түлік таратып қайырымдылық шарасын жасады.
Алла жолында қаншалықты қайырымдылық жасасаңыз, оның қайырымын Алла еселеп қайтарады. Сондықтан да Алла жолында қайырымдылық жасап, зекет пен садақа беру ең әуелі өзіңіз үшін пайдалы. Құран Кәрімнің аятында былай баяндалады:
«Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы» де» (Сәба сүресі, 34/39 – аят).
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21111,21112,21113″ width=»1240″ height=»570″]