Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру» орталығында кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған 12 күндік семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы қатысып, алғашқы тыңдаушыларға сертификат табыс етті. Семинарда Құран және тәжуид, ақида негіздері және шариғат үкімдері пәндерінен дәріс оқылады.
Дәрісті мешітіміздің білікті ұстаздары Нұрсұлтан Мамадалиев, Ералы Есенгелдиев және Мейірбек Сәрсенбаевтар жүргізіп келеді. Арнайы курсқа қаламыздағы барлық мешіттердің діни қызметкерлері қатыстырылады.
Жалпы, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған 12 күндік курс жұмыстары алты айға дейін жалғастыру көзделуде.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі