ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінде  «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» атты танымдық діни семинар ұйымдастырылды.

Танымдық рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам, рухани тәрбие – Ихсан ілімі бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре,  қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы,  Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің найб имамы Исмаил Панов,  Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және мешіт имамдары қатысты.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының кіріспе сөз сөйлеп,   ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  бастамасымен қолға алынған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» бағдарламасын кеңінен насихаттау туралы атап өтті.

Семинар барысында Абай ауданы «Атамекен» мешітінің имамы – ЖАНТ мүшесі Дәулет Туленов  «Абай және Ихсан ілімі» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, танымдық семинарға қатысушы имамдар тарапынан ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Танымдық рухани шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

[su_custom_gallery source=»media: 21047,21068,21067,21066,21065,21064,21063,21062,21061,21060,21059,21058,21057,21056,21055,21054,21053,21052,21051,21050,21049,21048″ width=»1024″ height=»576″]

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38