Бүгін Түркістан облысы, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде «Ішкен асың адал болсын» және атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы Қазыбек Сарыбаев, Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Жорабек Дулатбаев және жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт имамдары қатысты.
Семинарда Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы Қазыбек Сарыбаев және дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың бастамасымен қолға алынған шараның маңыздылығына айта келе, халал өнімдерін түсіндіру һәм насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Мақтарал мен Жетісайлық бірнеше кәсіпкерлер ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің сертификатан алуға ниет білдірді.
Дәл осы бағыттағы жұмыстар Мақтаарал аудандық «Әбдул Әкім» орталық мешітінің бас имамы Мансұр Аймұхаммедовтың ұйытқы болуымен жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі