Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал және Жетісай аудандық орталық мешітінде «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы Қазыбек Сарыбаев, Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Жорабек Дулатбаев, Мақтаарал аудандық «Әбдул Әкім» орталық мешітінің бас имамы Мансұр Аймұхаммедов және жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт имамдары қатысты.
Басқосу аясында «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы Қазыбек Сарыбаев арнайы қасапшылық ету, мол сою және мал сою орындары т.б. қажетті талаптар мен ережелерді түсіндіріп, арнайы дәріс оқыды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі