Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал және Жетісай аудандық орталық мешіттерінде «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» атты діни танымдық рухани семинары өткізілді.
Семинар жұмысына Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы Қазыбек Сарыбаев, Шымкент қаласы бас имам орынбасары, Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Жорабек Дулатбаев, Мақтаарал аудандық «Әбдул Әкім» орталық мешітінің бас имамы Мансұр Аймұхаммедов және жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт имамдары қатысты.
Өздеріңізге белгілі, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолға алуымен рухани тәрбие – Ихсан ілімі еліміз бойынша кең көлемде насихатталып келеді.
Осы бағытты насихаттау мақсатында Шымкент қаласы бас имам орынбасары, Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров сөз алып, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың ұйытқы болуымен қолға алынған жұмысқа ризалық білдіріп, семинарға қатысушыларға арнайы дәріс оқыды.
Рухани семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі