Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ихсан» ілімін насихаттау туралы бастама көтеріп, осы игі шараның орындалуы үшін қала және өңірің бас имамдарына «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» тақырыбында тапсырма берген болатын.
Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты мешіт имамдары өз ұжымына «Ихсан» ілімінің артықшылықтары мен маңыздылығы туралы арнайы басқосып, жиын өткізді. Жиында «Ихсан» сөзінің мағынасы, адам өміріндегі рөлі мен тәрбиелік мәні тереңінен қозғалды. Ихсан сөзіне байланысты Құран және хадистерден дәлелдер келтіріп, қоғамдағы рөлі жайлы сөз болды.
Алла Елшісінің (с.а.у.): «Ихсан – Алланы көріп тұрғандай ғибадат ету. Сен оны көрмесең де, ол сені көреді…» (Бұхари, Тәфсир, (Лұқмaн) 31) деген хадисі адам бойында сезімталдық пен мұқияттылықты қалыптастырады. Сондай-ақ «Ихсан» ілімі адамды тазалыққа, пәктікке үндеп, әрбір сәтте Алланың алдында екенін сездіретін түйсік арқылы кемелдендіреді түседі. Барша амалдарын ықылас әрі шынайы ниетпен орындауға бейімдейді. «Ихсан» ілімін насихаттау шарасы бұдан кейін мешіт жамағаты әрі түрлі мекемелер арасында да жалғасын табатын болады.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті