Адамзатты қауіп-қатерге итермелейтін  экстремизм мен терроризм мәселесі кез келген елді алаңдатпай қоймайды. Қорқыныш пен дүрбелең қоғамның өркендеп дамуын тежеп, құлдыратып, құрдымға жетелейтіні айқын. Міне, осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінде «Жастар діни алауыздық мен терроризмге қарсы» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат ұйымдастырылды. Тағылымы мен тәлімі мол семинарға Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Имам Ағзам» мешітінің имамы Нұрлан Бақытжанұлы арнайы қатысты. Білікті имам экстремизм мен терроризмге итермелейтін себептерді, одан сақтану жолдарын жастарға кеңінен баяндап өтті. Сондай-ақ семинар барысында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алып, кеңінен насихаттауды тапсырған Ихсан ілімі жайлы да кеңінен түсіндірді. Семинар соңында жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38