Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы  бас имам орынбасары, дінтанушы-магистр, «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бөлімінің жетекшісі  Мұхамеджан Естеміровтың  «Рамазан энциклопедиясы» атты шағын еңбегі оқырманға жол тартты.

Кітапта қасиетті Рамазан айына қатысты ең қажетті деген мәліметтер қамтылған. Яғни,  оразаның шарттары мен міндеттері, рухани һәм қоғамға пайдасы,  тарауих намазы, ауызашар және сәресі дұғалары енгізілген.  Сондай-ақ, салтымызға сіңген «Жарапазан» айту  тарихымен оның жыр шумақтары, бата беру сынды қажетті ақпараттарды табуға болады.

Кітап ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған пәтулары  мен оразаға қатысты айтылған шешімдері негізінде әзірленді. Кітап авторы М.Естеміровтің бұған дейін бірнеше кітаптары мен ғылыми көпшілік мақалалары жарық көрген.

Айта кету керек, кітаптың жарыққа шығуына 2018 жылы ҚМДБ-ның «Тауаф» қажылық компаниясымен қажылыққа барған бір топ қажы ағаларымыз қолдау көрсетті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38