ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде салтанатты ашылу тыныстырылымы ұйымдастырылды.
Игі шара қала әкімдігінің қолауымен Шымкент қаласы «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында өткізіліп, оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, найб имам- ЖАНТ тобының маманы Мұсабек Ақтамберді, найб имам – «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Әйел қыздар» секторының мүшелері және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттің имамдары қатысты.
«Qamqor-Sharapat» орталығының жетекшісі болып, көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман «А.Қаттани» мешітінің іс басқарушысы Сержан Мақсұтов бекітілді.
Сондай-ақ, шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов аталмыш орталықтың мәні мен мақсаты жөнінде айтып, бөлімнің жұмысын насихаттап, толықтырып, жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі