Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, сайрам тұрғын үй алабында орналасқан №4 балалар үйінде тәрбиеленуші оқушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Оннайн кездесуге Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінің имамы әрі қалалық діни оңалту бөлімінің мүшесі Сапарғали Абдуқаймов арнайы қатысып, рухани тәрбие – ихсан ілімі, түрлі кереғар діни секталар, т.б. мәселелер туралы айтып берді.
Онлайн кездесу аясында оқушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға тұщымды жауап берілді.
Аталмыш мекеме басшылығы жасөспірімдерге рухани тәрбем беруде осындай кездесу шараларын жиі өткізу туралы шешімге келгендерін айтып өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі