Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасы аясында Шымкент орталық мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» арнайы ашылды.
Игі бастаманың ашылуына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам әрі Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы т,б, азаматтар қатысыты.
Өздеріңізге белгілі, Шымкент орталық мешіті тоғыз жолдыңң торабында орналасқан. Яғни, Нұр-Сұлтан-Шымкент-Ташкент, Алматы- Шымкент-Түркістан бағыттары жүреді. Ендігі жерде жолда жүрген жолаушы азаматтарға арнайы қызмет көрсетілетін болады. Бөлме жылу жүйесіне қосылған, барлық мүмкіндіктер (шәй, қант, нан және уақытын кітаптар, т.б.) қарастырылған.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының айтуынша алдағы күндері қаладағы үлкен маңызды жол бойында орналасқан 8 мешітте жолға шыыққан жолаушыларға арналған арнайы қызмет көрсету бөлмелері ашылады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі