
Бүгін ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарын жан-жақты дамуға арналған Шымкент орталық мешітінде «Имамдардың білімін жетілдіру курсы» онлайн және офлайн түрінде курс өз жұмысын бастады.
Курс жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, жеті бағыт бойынша алғашқы кіріспе дәріс оқып сәттілік тіледі.
Ұйымдастырлған курс жұмыстарын орталық мешіттің ұстаздары мен дінтанушы мамандар Нұрсұлтан Мамедалиев, Мейірбек Сәрсенбаев және Ералы Есенкелдиевтер жүргізеді. Курс барысында Құран, ақида, Ихсан ілімі, фиқһ пәндерінен дәріс оқылады. Курс мерзімі 10 күн бойы жалғасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






