Мүфти хазретіміз Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, Ауданның бас имамы Берiк Қалдаровтың ұйымдастыруымен, «Үлкенге құрмет,кішіге ізет» атты рухани iс-шара болып өттi. Өткен жиынға қаланың төбе биі Р.Оспанов, және ауданның дуалы ауыз ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты.
Ата-баба рухына құран бағыштап, дұға еткеннен соң сөз алған қаланың төбе биі Р.Оспанов, мұндай iс-шараның аудан аумағында бiрiншi рет өткiзiлiп отырғандығын, Алла бұйыртса алда әлi де жалғасы бола беретiнiн жеткiздi.
Бұдан соң жайылған дастархан басына жиналған аудан ақсақалдары әрқайсысы өз кезегiмен сөз сөйлеп, уағыз-насихаттарын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Ж.Шойбек мұндай кештің осындай кең тақырыпта қарияларды бір дастарханның басына жиналуына мұрындық болған аудан имамы Б.Қалдаровқа алғысын білдірді.
Бұдан кейін де сөз кезектерiн алған ауыл ақсақалдары түрлi дiни ағымдардың алдын алу, бүгiнгi жастарға асыл дініміздің құндылықтарын дұрыс үйрету, ақиқат дiн мен бiлiмге шақыру керектiгiн тiлге тиек еттi.
Жиын соңында жиналған көпшiлiк қауымға сый-сияпаттар, діни кітаптар тарту етiлдi.
Аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі.