Сарыағаш қаласындағы 2020 әскери бөлімінде және Жібекжолы ауылындағы 32039 әскери бөлімінде «Отанды қорғаудың абзалдығы» атты тақырып аясында семинар болып өтті. Семинарға аудан имамы Б.Қалдаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары С. Жүсіпбек, Н. Назаров, Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің имамы А.Садықов әскери бөлімнің 500 сарбазы қатысты. Отан қорғаушы азаматтарға Ислам дініндегі отан қорғау жайлы айтылған аят-хадистерді кеңінен түсіндірген аудан имамы Б.Қалдаров, отан қорғаудың маңызы мен мәніне де тоқталды. Имам Айдар Садықов жат ағымдардың зиянынан сақтану керектігін түсіндірді. Семинар соңында жас сарбаздар көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, семинардан өмірлеріне өнегелі боларлық ой түйді.
Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі