ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың қолдауымен Шымкент орталық мешітінде жас қариларды марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Дәлірек айтқанда, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Айқап» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында 2018-2020 жылдары аралығында қасиетті Құран Кәрімді толық жаттаған жас қариларымыз Әбдісаттар Нұркен Омарбайұлына, Нарзуллаев Тохир Бахрамұлына, Мамыт Әділет Нұрланұлына, Құсанов Бағлан Тасболатұлына, Сүйеубек Шынғысхан Жумабайұлы мен Бүркітбай Дулат Қанышұлына ұмра қажылықтың сертификаты мен ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, найб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының «Қасиетті Құран мағынасы мен түсініктемелері» атты кітабы тарту етілді.
Мұнымен қатар, бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы озат шәкірт тәрбиелеп, қарилық деңгейге жеткізген «Айқап» мешітінің ұстазы Ерасыл Қалқыманға және мешіт жанашыры Ерлан қажы Иманқұловтарға Құран Кәрім сыйлық етіп, алғысхатымен марапаттады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі