Бүгін Шымкент қаласына ҚМДБ-ның Түркістан облысы, Төлеби аудан имамдары достық һәм іс тәжірибе алмасу бойынша арнайы іс сапармен келді.
Түркістан облысы, Төлеби аудандық мешіттің бас имамы Самат Анарбаев бастаған бір топ делегацияны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қабылдап, бұл игі бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқындығын атап өтіп, екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстарына сәттілік тіледі.
Осыдан кейін, Шымкент орталық мешітінің сала бойынша жауапты мамандарының бөлмелеріне бас сұғып, әр бөлімнің жұмысымен жеке-жеке танысып, мол тәжірибе жинақтады.
Мұнымен қатар, сала мамандарының қатысуымен арнайы аймықтық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.
Семинар барысында уағыз-насихат тобының жетекшісі Еркебұлан Қарақұлов, хаттамалық, кеңсе жұмыстары, кітап һәм баспасөз қызметі бойынша Мұхамеджан Естеміровтың, қажылық һәм әуеметтік желі жөніндегі жетекшісі Азамат Әбдікерімұлының және жат ағымдар бойынша «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов, қалалық «Жастар ісі» секторының өкілі Анарғали Керімбеков пен «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаевтың дәрістері тыңдалды.
Өз кезегінде, Төлеби аудандық мешіттің бас имамы Самат Анарбаев сөз алып, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің сәлемін жеткізіп, Шымкент қаласы бойынша атқарылған жұмыстарға сәттілік тілеп, ризалығын білдірді.
Шара соңында арнайы дастархан жайылып, орталық мешіт тарапынан жарық көрген кітаптар хадия етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі