Жуырда, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Шымкент әуежайынан қажылық сапарға шығарып салу іс-шарасына қатысқан болатын. Бүгін, сол жерлестеріміз түнде қажыларымыз аман-есен еліне орылды.
Жерлестерімізді күтіп алу үшін облыс имам орынбасары Бекайдар Әміре, Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Қазыбек Сарыбаевтар бастаған бір топ азаматтар қажыларды ресми түрде Шымкент әуежайынан күтіп алды.
Қажыларыларымыз Сауд Арабиясы корольдігіне қарасты «FlyNas» халықаралық әуе компаниясы арқылы тікелей Джидда қаласынан Шымкентке ұшып келді.
Қажылықтары қабыл болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі