Қасиетті Құрбан айт күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған «Qurban2020» шарасы аясында Шымкент қаласына «Жусан» операциясы арқылы келген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұсынысымен «Жусан» операциясы отбасыларға құрбан ет өнімдері үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі