Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай елді мекенінің тұрғындары бір қара малды құрбандыққа шалды. Елдегі болып жатқан аты жаман індетке қарсы, «Нұртөбе»мешітінің бас имамы Жәміш Бердалы дүниеден өткендерге Құран оқып елге дұға жасады. Шалынған құрбандық етін жағдайы төмен 20 отбасына таратып берді. Алла разы болып дұға тілектерімізді қабыл алғай.