Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасы аясында  Шымкент  орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры  «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл шара бұрынғы қайырымдылық шараларына өзгеше болды. Яғни төтенше жағдай кезінде мешіттерде қызмет бабында жүріп науқастынып, ыстығы көтеріліп, аурып қалған имамдарымызға рухани һәм материалдық қолдау негізінде ұйымдастырылды.

Игілікті шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  қалалық «Зекет» қорының басшысы Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбековтер қатысып,  үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.  

Айта кету керек,  рухани қолдау мақсатында науқастанып қалған 17 діни қызметкерлердің  еміне дәрі-дәрмек сатып алу үшін арнайы қаржы үлестірілді. Алладан амандық, жұртымызға тыныштық тілейміз.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38