Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжар елді мекеніндегі «Мейірман» мешітінің тыныс-тіргілігімен танысу  үшін ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы  барды.

Кездесу аясында мешіттің бас имамы Дәурен қажы Тасқараев атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндады. Аталмыш мешіт ауласына тал-теректер мен гүл көшеттері отырғызылып абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Және демеушілердің көмегімен мешіттің дәретханасы жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың берген тапсырмаларын жеткізді.  Оның ішінде, індет кезінде санитарлық талаптарды сақтау, жат ағым мүшелерімен  жеке және жалпы кездесулер мен уағыз-насихат жұмыстарын күшейтуді және ұдайы мешіттердің тазылығы назар аудару т.б.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38