ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміздің 4 бағыттағы тапсырмасының бірі – «сауат ашу курсын жандандыру». Осы тапсырма аясында мектеп оқушыларының діни сауатын көтеру, асыл дінін үйрену үшін арнайы бағдарлама бойынша жұмыс жасалды. Сарыағаш ауданының мына төмендегі мешіттерінде жалпы саны 500 ден астам шәкірт тәлім алды.
1. «Сарыағаш орталық» аудандық мешітінде 30 бала, 23 қыз,
2.«Құрбан қожа» мешітінде 65 бала,
3.«Ешан баба» мешітінде 25 бала,
4.«Құркелес» мешітінде 38 бала,
5.«Нұр» мешітінде 15 бала,
6.«Тәжіхан» мешітінде 12 бала,
7.«Қапланбек» мешітінде 22 бала,
8.«Шайман ата» мешітінде 45 бала,
9.«Хазіреті Абу Бәкір» мешітінде 32 бала,
10.«Халық қажы» мешітінде 16 бала,
11.«Имам ағзам Абу ханифа» мешітінде 125 бала,
12.«Дарбаза» мешітінде 26 бала,
13.«Жайнақ ата» мешітінде 12 бала ,
14.»Иса ата» мешітінде 15 бала.
Бұл іс-шара өз кезегінде жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуге үлкен тосқауыл деп білеміз. Шәкірттерге курста Құранды мәнерлеп оқу, әдеп, діни тәрбие жөнінде дәрістер берілді. Үздік оқығандарына арнайы мешіт тарапынан сыйлықтар тарту етіліп, мақтау қағаздары мен сертификаттар табысталды. Бұл үрдіс ауданымызда жыл сайын осылай жалғасын табатын болады. Шәкірттер бұл маусымды өте жемісті аяқтап, мектепке дайындыққа кірісіп кетті.
«Сарыағаш орталық» аудандық мешітінің баспасөз қызметі