С: Екі хадестен қандай сумен тазалануға болады?
Ж: Екі хадестен аспаннан жауған жауын суымен, өзен-дария суымен, бұлақ суымен, сай-салада жиналған сумен, құдық суымен, ащы, тұщы теңіз-көл суымен тазалануға болады. Сондай-ақ, таза зат түскен, дәмі, түсі, иісі сияқты үш сипатының біреуі ғана бұзылған сумен тазалануға болады. Судың мұндай тобына топырақпен лайланған сел суын, сабын, зағыпаран сияқты таза заттар араласқан суды жатқызуға болады.
С: Судың екі хадесті кетірмейтін түрлері болама?
Ж: Иә. Мәселен, ағаштан немесе жемістен сығып алынған сумен, сондай-ақ негізі су болып есептелетін, бірақ араласқан нәрсесі табиғатын өзгерткен тәтті сусындар, сорпа, сірке суы сияқты сулармен дәрет, ғұсыл алуға болмайды.
С: Дәрет, ғұсыл алуға пайдаланылған сумен жуынуға бола ма?
Ж: Жоқ, болмайды.
С: Дәрет алынған сумен дәрет алуға болмайтынын білдік. Ал, осы дәрет алынған су таза болып есептеле ме? Яғни, басқа таза заттарға тисе зияны жоқ па?
Ж: Егер бұл сумен жәй дәрет не ғұсыл алынып, нәжістер тазаланбаған болса таза болып есептеледі. Ал, денедегі нәжіс заттар тазартылса таза емес. Мысалы, дәрет не ғұсыл алып жатқан да пайдаланылған су киімге, ыдысқа т.б. нәрселерге тисе, ол заттар ластанбайды.