Бүгін, Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық учаскелік Полиция пунктының мекеме қызметкерлері мен ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық мешітінің ұйымдастыруымен халықаралық отбасы күніне орай онлайн конференция ұйымдастырылды.
Онлайн түрінде өткізілген конференция жұмысына ЖАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Тұрапбай Ақтөре Әліпбайұлы қатысып, баяндама жасады.
Сондай-ақ, онлайн конференция барысында отбасы құру, отбасындағы ұрыс-керістердің зорлық-зомбылық салдары мен дін және отбасы тақырыптары кеңінен талқыланып, түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі