Тістен қан кеткен жағдайда оның көп не аз мөлшерде аққанына қараймыз. Көп мөлшерде аққан болса оны жұтуға болмайды, әрі оразаны бұзады. Кейін, сол күннің қазасын өтейді. Ал аз мөлшерде шыққан болса оразаны бұзбайды. Қанның аз не көптігін түкірікпен салыстыра отырып анықталады. Егер, түкіріктің көп бөлігі қан болса, «көп қан» үкімінде. Ал, жарымынан аз болса «аз қан» үкімінде болады. Осыған орай Имам Хаскафи Дуррул мухтар кітабында: «Егер тістің арасынан қан шығып тамаққа барса, бірақ ішке кетпесе ораза бұзылмайды. Ал егер ішке кетсе, қанның мөлшері көп немесе түкірікпен теңдессе бұзылады. Ал, егер аз болса бұзылмайды» – деген. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=963