Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай тұрғын үй алабында орналасқан «Құрсай» мешіті мен қалалық «Зекет» қоры бірлесіп «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында 10 отбасыға құны 15 мың теңгені құрайтын азық-түлік себеті таратылды. Атап айтқанда, әр отбасыға 5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, бір қап ұн, 5 дана сабын т.б. заттар. Акция барысында «Құрсай» мешітінің имамы Бауыржан қажы Байжанов қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясының мәні мен мақсатын атап өтті. Айта кету керек, жуырда ғана «Құрсай» мешітінің ұйымдастыруымен елді мекен тұрғындарына әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттен қорғаныш ретінде бетперде (маска) үлестірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі