Бүгін, жуырда тағайындалып, қызметіне кіріскен ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» бас мешіттің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.

Орталықтың бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы қала имамының 1-ші орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы таныстырып, баяндады. Таныстыру барысында «Діни оңалту» бөлімінің, Қажылық оқу орталығының, ДСАК жұмысы және сайт жұмыстары, мешіттің намаз оқу залы, дәрісхана, қызметкерлер бөлмесі, жылыту қазандығы, дәрітхана, әйел-қыздар секторының бөлмесі мен тігін шеберханасының т.б. жұмысы таныстырылды. Мұнымен қатар, бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бірқатар сала жетекшілеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамалары аясында қолға алынған жұмыстарды сапалы орындау қажет екендігін түсіндірді.Сондай-ақ, әлемге дүрбелең салған «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты биылғы Рамазан айы ерекше өткізіліп жатқаны белгілі. Осы уақыттарда тиімді пайдаланып, ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар бойынша уағыз-насихат жұмыстарын онлайн түрінде жүргізуді, тазалық шараларын қатаң сақтауды айрықша тапсырды.



ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38