Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Біләл» мешіті мен «Зекет»  қоры бірлесіп ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «#Жүрек жылуы» аттықайырымдылық акциясы өтті.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы Н.Төреқұлов көшесі №204 тұрғын үйі «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты уақытша карантинге жабылған болатын. Осы тұрғын үйдің  75 отбасыға арналған азық-түлік қорабы мен медециналық бетперде үлестірілді.

Айта кету керек, Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Біләл» мешітінің бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов шараның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды уақытша қиындықтарға сабырлық таныту керек екендігін түсіндірді.

Дер кезінде қолға алынған шараға аудан әкімдігі мен №204 үйдің  тұрғындары Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазретке шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38