БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Жалпы мәлімет«Берекелі отбасы» атты байқау (ары қарай – Байқау) Республикалық ашық отбасылық байқау болып саналады;
Байқау үш турдан тұрады;
Байқау 2020 жылдың 9 және 30 сәуір аралығында өтеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау;
Қасиетті Рамазан айына дайындық.
Байқауға қатысу талаптары:Байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез-келген отбасы қатыса алады;
Байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет (өтінімді жүктеу).
Сондай-ақ, ереженің 4-тармағына сәйкес І, ІІ, ІІІ турға қатысатын отбасылық еңбектерін осы жылдың 17 сәуіріне дейін отбасы мүшесінің бір инстаграм парақшасына ғана жүктелуі керек;
17-30 сәуір аралығында әр отбасының өз парақшаларына #берекеліОтбасы хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктелген материалдары көрермен назарына ұсынылады, ең көп лайк жинаған отбасы жеңімпаз атанады.
Байқаудың өту тәртібі:
І-тур – «Менің отбасым»:
Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптармен сүйемелденген 2-3 минуттық видео арқылы өздерін, отбасының ерекшеліктерін таныстырып, инстаграмға #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктейді;
«Берекелі отбасы» тақырыбында отбасының ортақ бір суретімен отбасы құндылығы мен шаттығы туралы пост жазып, жариялап, #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграм парақшасына жүктейді.
ІІ-тур – Үй тапсырмасы:
Отбасы атынан баланың қолымен «Біздің сүйікті мешітіміз» атты сурет салып, қысқаша сипаттамасын (қай жерде орналасқан, неше адамдық, аптасына неше рет барып тұрасыздар, осы мешітпен қандай қызықты сәттер байланыстырады т.б) жазып, #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;
Отбасы мүшелерінің Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен кезектесіп үзінді оқу көрінісін (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;
ІІІ-тур – Берекелі Рамазан:
Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен «Жарапазан» айтып (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы3тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:Отбасы мүшелерінің инстаграм парақшасына жүктелген еңбектерінің көрермендер көзайымына ие болып, ең көп лайк жинаған қатысушы отбасы жеңімпаз болып табылады;
І орын алған отбасыға (4 адамға) отандық шипажайға жолдама;
ІІ орын алған отбасыға тоңазытқыш;
ІІІ орын алған отбасыға үлкен плазмалық теледидар;
Сондай-ақ, 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі.
Қосымша мәліметтер алу үшін+7 (7172) 999-866, berekeli-otbasy@mail.ru.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38