Бірде хазірет Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп: «Егер адам жақсы амалға ниеттеніп, оны жасай алмаса, Кирамун Катибун періштелері не жазбақ?», – деп сұрағанда,
Суфиян ибн Уйайна: «Адамның жақсылығы мен жамандығын жазатын періштелер ғайыпты білмейді. Бірақ адам ізгі амалға ниеттенсе ол адамнан жұпар иіс шығатын көрінеді. Сол жұпар иісті сезетін періштелер ол адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал теріс амалға ниет етсе, жағымсыз иіс шығады екен. Ізгі ниетті іске асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады. Ал теріс, зиянкес іске ойы кетсе де оны жасамайынша күнә жазбайды. Бұл Алланың бізге деген мейірімділігі», – деп жауап берген екен.