Шымкент. 11 наурыз. SHARIGAT.KZ – Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық « Абдулхамид Қаттани» мешітінің ұжымы «Аналарды ардақтайық» шарасын ұйымдастырды.
Шара аясында Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қажы Нұрматұлының қатыуымен қалада бірнеше жылдардан бері жеке кәсіппен айналысып, көпшілікке үлгі болып, өз жұмысын өрге домалатып отырған ақ жаулықты, алтын құрсақты аналармен қыз-келіншектердің басын қосып, аналар мерекесі күнімен арнайы құттықтап, сый-сияпат тарту етілді.
Жалпы, аналарымызды құрметтеу туралы ардақты Пайғамбарамыз (с.а.с): «Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы» ( Имам Ахмад). «Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны»,- деп баян еткен (Ибн Нәджар).
Сондай-ақ, басқосу аясында Шымкент қаласы орталық мешітінің жанында құрылған әйел-қыздар секторының жұмысымен таныстырды.
Аналарымыз аман болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі