Шымкент. 8 наурыз. SHARIGAT.KZ – Бүгін қасиетті жұма күні мен ережеп айының бірінші күні Шымкент қаласы орталық мешітте дін мен дәстүр сабақтастығы аясында тұсау кесер рәсімі болып өтті.

Ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту һәм насихаттау мақсатында ұйымдасьырылған шараға өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев, найб имамдар Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, Ұлықбек Алиакбарұлы, Мұхамеджан Естеміров т.б. мешіт ұжымы қатысты.

«Балаларымызға асыл дініміздің құндылықтары мен қатар ұлттық салт-дәстүрлерімізді сіңіре беруіміз қажет. Ол үшін осындай игі іс-шаралар мен рәсімдердің орны бөлек», – деді өкіл имам Б.Бейсенбаев.

Шара аясында  мешітіміздің абыз ақсақалы Бекайдар қажы Төлжанұлы  қос бірдей нәресте Абдужаппар Нұрланұлы мен Мұхаммедали Есалыұлының тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Нәрестелердің қадамы құтты һәм берекелі болғай!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38