Шымкент. 8 наурыз. SHARIGAT.KZ – ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде ақылдастар алқасының жиыны болып өтті.
Жиында Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала болуына байланысты мешіттің аудандық статусқа ие болуына орай Ақылдастар алқасын қайта құрылып, төрағасы бірауыздан мешіт имамы Бақдәулет Абдурахманов таңдалды.
Сонымен қатар мешіттің қаржылық кіріс-шығыстары қортындыланып, мешіттің бас есепшісі Үсенқұлова Шарқия ханым алқа мүшелеріне қысқа мерзімдегі мешіттің есебін берді. Өз кезегінде сөз алған алқа мүшелері қоғамдағы маңызды мәселелерді ортаға салып, дұрыс нәтижеленуі үшін тұшымды пікірлерін айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында жастар жылына орай, оқу орындарындағы түрлі кездесулерге мешіт имамдарымен бірге ақылдастар алқысының мүшелерін тарту, жастарды еңбекке баулу үшін ақыл кеңестерін беру, т,б, мәселелер қаралды.
Игілікті істеріміздің жан-жақты насихатталуы үшін түрлі форматта видеорликтер түсіру және әлеуметтік желілерді де осы орайда ұтымды пайдалану көзделуде.
Өз кезегінде, мешіт жанан құрылған ақылдастар алқасы жастарға өз тараптарынан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі