Шымкент. 6 наурыз. SHARIGAT.KZ – «ЗИЯРАТ-ТУРИЗМ» мәселелері талқыланды.
Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің мәжіліс залында қала имамдарының кезекті мәжілісі ұйымдастырылды. Мәжілісті Шымкент қаласы бойынша өкіл имамның орынбасары Ахметжан қажы Керімбек төрағалық етті.
Мәжіліс барысында өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров алдағы наурыз-сәуір айында төрт бағыт бойынша атқарылатын негізгі жұмыс жоспарын таныстырды. Оның ішінде рухани іс-шаралар мен қоғамдық көпшілік шаралары туралы, «Зиярат-туризм» мәселелері, зиярат о рындарының тазылығы мен абаттандыру жәйі, имамдардың діни біліктілігін жетілдіруге арналған шаралар өткізу, қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу, қайырымдылық шараларды өткізу, т.б. Сондай-ақ, басқосу аясында Қазақстан мен Өзбекстан діни басқармаларының төрағаларының өткен жылы Ташкенттегі кездесуінде бекіткен екі жақты қарым-қатынас аясында түрлі деңгейдегі шаралар мен зиярат-туризм мәселелері қолға алынады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі