Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітіндегі өткізілген жұма намазында бірнеше жылдан бері көпшіліктің көңілінен шығып, ризалығына бөленіп, адал асты жамағатқа ұсынып жүрген «Кәусар» дәмханалар желісі ҚМДБ «Халал даму» бөлімінен өтіп, арнайы халал сертификатына ие болды.
Игілікті іс бастап отырған белгілі кәсіпкер «Кәусар» дәмханалар желісінің басшысы Ғани Әшірбекұлы ұлына жамағат алдында «Абдул Хамит Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдурахманов арнайы табыс етіп, кәсібіне береке, елімізге жақсылық тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі