СЫЙЛЫҚ ЖАСАУ – СҮЙІСПЕНШІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

Айқап мешітінде әр ай сайын сыйлық беру «Хадияласу» шарасы өтуде.

Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Әл –Фараби ауданы «Айқап» мешіті жанынан әйел –қыздарға арналған Діни сауат ашу курсының жамағаты ай сайын «Хадияласу» өткізуде. Бұл  іс –шараның мақсаты мұсылман бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті арттыру. Пайғамбарымыздың (с.а.у) «Сыйлық жасау–сүйіспеншілікті арттырады» деген хадисіне сүйене отырып әйел–қыздар жамағаты дастархан жайып, уағыз-насихат айтылды. Уағызды әйел-қыздар секторының жетекшісі Досжанова Балжан жүргізді.

Бұл уағызда мұсылман бауырлар арасын қалай жылыту жөнінде, береке мен бірлікті ұстап тұру жөнінде сөз қозғалды. Бір біріне сыйлық беріп, жамағаттың бірлігін одан сайын арттырды. Аталмыш іс –шараға мешіт жамағаты белсене қатысты. Әр ай сайын бас қосып, бірлігін нығайтып отырған жамағаттан көптеген нәтижелер күтеміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38