ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ЖЕТЕКШІСІ САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА УАҒЫЗ ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын-алабында орналасқан «Сайрам жами» мешітінде ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасыты әйел–қыздар секторының меңгерушісі «Отбасы бақыты» тақырыбында уағыз өткізді.

Бұл уағызда отбасы бірлігін нығайту, шаңырақты шайқалтпай ұстап тұру, жанұя бақытына ие болудың жолдары жайлы сөз қозғалды. Еліміздегі маңызды мәселелердің бірі болған осы мәселені азайтуға үлес қосу үшін ұстаздар керемет насихат жүргізді.

Аталмыш іс –шараға мешітке жиналған жамағаттың саны 70-ке жуық болды. Іс –шараның соңында жиналған  қауым өздерінің сұрақтарын қойып, керек жауаптарын ала алды. Осы насихаттан соң мешіт жамағаты үлгі өнеге алып, оны жүзеге асыруға талпынады деген үміттеміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38