ҚҰРАНЫМ ШЫРАҒЫМ
Шымкент қаласының Орталық мешіті үшін ақпан айы жағымды жаңалықтарға толы болуда. Мешітіміздің әйел –қыздарға діни сауат ашу курсында «Құраным –шырағым» атты кеш өтті. Кештің басты мақсаты әліппе тобындағы 15 шәкірттің әліппені аяқтап, Қасиетті Құран Кәрімге өтуін марапаттау. Оларды одан әрі ынталандырып, артынан ерген шәкірттерге үлгі ету.
Жалпы мешітімізге келушілер саны күннен – күнге артуда. Қазіргі таңда тізімде 160 – аса шәкірт бар. Олардың 130-ы аптасына тұрақты түрде келіп күнделікті дәрістер алуда. Шәкірттеріміздің өте ұйымшыл, әрі бауырмашылдығына Аллаға шүкіршілік айтамыз.