БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
«Батаменен ел көгерер» демекші Шымкент қаласы Орталық мешітінде әйел – қыздар арасында аптасына бір рет тұрақты түрде Құран хатым түсіріледі, Құранды мешіттегі шәкірттер өзара бөлісіп оқиды. Жақында тағы да кезекті хатым дұғасы түсіріліп, 80 -100 адамға арналған ас берілді.
Ас соңында ақ жаулықты әжелеріміз өз ақ тілектерін жаудырды. Еліміздің тыныштығын тілеп, өмірден өткен ата –бабаларымызды еске алды. Бүткіл мұсылман қауымы үшін дұға жасады.
Осындай астар мешітімізде жиі ұйымдастырылып тұрады. Және де жамағатымыз үшін өте пайдалы. Олардың арасындағы бірлікті, берекені арттыруға өз септігін тигізеді.