الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ،وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ، وَلَا عُدْوَانَ إِلَّا عَلَى الظَّالِمِينَ، وَأَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ، وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لُهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِير،وَأَشْهَدُ أَنَّ سَيِّدَنا وَحَبِيبَنَا وَشَفِيعَنا مُحَمَّدًا صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ، وَمَنْ سَارَ عَلَى نَهْجِهِ، إِلَى يَوْمِ الدِّينِ،
Әділ – арап тілінен алынып, «Барлық жаратылысқа өзінің тиесілі ақысын беру, сөзімен ісінде міндетімен ақысында, дінімен ұлтына, реңімен түріне, байлығымен мансабы және туыстығына қарамай теңдік жасау». Әділдік жасау адамилық құндылықтың басында тұрғандықтан, Ислам діні барлық мұсылмандардан әділдікті талап етті.
Мұсылмандық мінездің ең маңыздысы «Әділдік», себебі әділдіктің ұғымы өте ауқымды және оның кіріспейтін жері жоқ, сенімде, ғибадатта, сөзбен істе, тіпті адам ойында да әділдік қажет. Сондықтанда әділдіктің Исламдағы алар орны өте биік. Жеке адам болсын немесе қоғам болсын әділдіксіз биік шыңдарға шыға алмайды.
Әділдіктің қарама-қайшы ұғымы «Зұлымдық», әділдік талап етілген жерде табылмаса, ол жерде міндетті түрде зұлымдық жүреді, сондықтанда әділдіктің пайдасын айтқанда зұлымдықтың зардабы қоса айтылады.
Әділдік ұлы қасиет, оның ұлықтығы – Ол, Алла көркем есімдерінің бірі «Ал-Адл» (Әділетті), Алланың адамзатқа әділдігі имандымен имансызды ризықтандырды, көптеген елшілер жіберді, кітаптар түсірді, адасқан қателескен адамға тәубе есігін ашып қойды, туралыққа жол сілтеді.
Дініміз әділдіктің орнауына қатты мән берген, әділ болуды ешкімнің еркіне тастамады, бәлкім әр-бір адамға міндеттеді, әсіресе билік иесіне өте сақ болуын қаперіне салды, Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُ بِٱلْعَدْلِ وَٱلْإِحْسَٰنِ وَإِيتَآئِ ذِى ٱلْقُرْبَىٰ وَيَنْهَىٰ عَنِ ٱلْفَحْشَآءِ وَٱلْمُنكَرِ وَٱلْبَغْىِ ۚ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَРасында, Алла әділдікті, Алланы көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап игі істер істеуді және туған-туысқа қол ұшын беріп қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зұлымдықтан (яғни, біреуге зорлық-зомбылық көрсетуден, кісі ақысын жеуден) мүлдем тыяды. Ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп, Алла тағала сендерге осылайша насихат айтып, жол сілтейді.
[1]Алла Тағала басқа бір аятта әділдік бәріне бірдей міндет екенін қайталайды:
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا۟ ٱلْأَمَٰنَٰتِ إِلَىٰٓ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ أَن تَحْكُمُوا۟ بِٱلْعَدْلِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِۦٓ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ سَمِيعًۢا بَصِيرًاАлла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады. Міне, осылайша Алла сендерге қандай керемет насихат айтуда. Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (айтқан сөздерің мен үкімдеріңнің бәрін естуші) һәм Басир (не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруші)[2].
Әділ болу керектігі жайында пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
عن أبي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَنْ طَلَبَ قَضَاءَ الْمُسْلِمِينَ حَتَّى يَنَالَهُ ثُمَّ غَلَبَ عَدْلُهُ جَوْرَهُ فَلَهُ الْجَنَّةُ وَمَنْ غَلَبَ جَوْرُهُ عَدْلَهُ فَلَهُ النَّارُ
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұсылмандарға үкім етіп, әділдікпен үкім етсе оған жәннат нәсіп болады, егер кімде-кім зұлымдықпен үкім етсе, тозақта болмақ»[3] деген.
Сахабалар Пайғамбарымыз алдында мұсылмандықты қабылдап жатқанда әділдік етуге ант берген:
عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ قَالَ بَايَعْنَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ فِي عُسْرِنَا وَيُسْرِنَا وَمَنْشَطِنَا وَمَكَارِهِنَا؛ وَعَلَى أَنْ لَا نُنَازِعَ الْأَمْرَ أَهْلَهُ؛ وَعَلَى أَنْ نَقُولَ بِالْعَدْلِ أَيْنَ كُنَّا لَا نَخَافُ فِي اللَّهِ لَوْمَةَ لَائِمٍ
Убада бин Самиттен жеткен хадисте: «Біз Пайғамбарымызға қол бергенде; қиындықпен жеңілдікте, жайлы және жайсыз кезімізде бағынып тыңдауға, сондай-ақ басшыларға қарсы шықпай қайда болсақта әділдікті айтып, сол үшін ешкімнен қорықпауға ант еттік»[4].
Әділдіктің үш түрі бар:
- Аллаға әділдік жасау.
Мағынасы Аллаға ғана табынып ғибадат жасау, сұраса Алладан сұрап, бір Алладан қорқып, Өзінен ғана үміт ету. Алла Тағала Құранда былай дейді:
أَمَّنْ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَأَنزَلَ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَنۢبَتْنَا بِهِۦ حَدَآئِقَ ذَاتَ بَهْجَةٍ مَّا كَانَ لَكُمْ أَن تُنۢبِتُوا۟ شَجَرَهَآ ۗ أَءِلَٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ بَلْ هُمْ قَوْمٌ يَعْدِلُونَ(Сонымен, кім қайырлы? Олардың жалған құдайлары ма?) Жоқ, әлде, күллі аспан әлемі мен жерді жаратқан және сендер үшін көктен жауын жаудырған (Алла) қайырлы ма? Біз сол жауынның суымен көз жауын алатын бау-бақшалар өсірудеміз. Ал сендер (бау-бақша тұрмақ), оның бір ағашын да өсіре алмас едіңдер. Алламен қатар басқа құдай бар ма?! Әрине, жоқ, анығында, олар хақтан ауытқып кете баратын қауым.[5] Хәкім Абай бұл аятты төмендегі жыр жолдарымен жеткізеді:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөз айырмас.
2. Адам өзіне әділдік жасау.
«Ғадалат(әділдік) пен мархамат(мейірім)- көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек»[6].
«Әділет пен мейірім, нысап(ынсап)-
Құлшылығым Тәңіріме. Қиянат жанды жұмсап,
Жанбан отқа шырқырап»[7].
Бұл жерде ең бірінші білу қажет нәрсе біздің денеміз Алланың аманаты, «өзімнің денем, білгенімді жасаймын» деп айту Алланың берген нығметін жоққа шығару. Адам өз жанына немесе ден-саулығына, тіпті арына зиян келтіретін нәрсе жасауы Ислам дінінде күнә амал, сондай-ақ малын харамнан табу және адал малын орынсыз жұмсауда шариғат қайтарған әрекет. Алланың парыздарын орындамай, харамынан тыйылмай жазаға жолығу өзіне жасаған әділетсіздігі. Алла адам баласын ғазиз етіп жаратты, сосын өзін құрдымға кетіруіне тыйым салды, Құран Кәрімде бір сөзбен былай делінеді:
وَلَا تُلْقُوا۟ بِأَيْدِيكُمْ إِلَى ٱلتَّهْلُكَةِ ۛ وَأَحْسِنُوٓا۟ ۛ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَӨз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер. Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Алла (әр ісі тиянақты, игілікке жаны құмар) ізгі жандарды жақсы көреді. [8]
Егер Алла біреуге билік берсе әділдікке қатты мән беруі қажет, біреуге үстемдік көрсетіп зұлымдық жасап қарғысына қалса еш кім араша бола алмайды, себебі хадис құдсида зұлымдық көрген адам тіпті дінсіз болсада Алла оған тілеуін беретінін айтқан[9].
3.Адам басқалармен әділ болу. Бұл әділдік өз алдына бір неше тараптарды қамтиды:
а) Сөйлеген сөзінде әділ болу. Яғни бір нәрсе айтсақ, өтірік қоспай дұрыс сөз сөйлеу, « Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, дұрыс сөз сөйлесін немесе үндемесін»[10] деген Пайғамбарымыз өсиетіне амал жасау.
ә) Тек ақиқатты айтып, өтірік куәлікке бармау, тура үкім шығару. Бұл Құранда келген Алланың бұйрығы:
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا۟ ٱلْأَمَٰنَٰتِ إِلَىٰٓ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ أَن تَحْكُمُوا۟ بِٱلْعَدْلِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِۦٓ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ سَمِيعًۢا بَصِيرًاАлла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады. Міне, осылайша Алла сендерге қандай керемет насихат айтуда. Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (айтқан сөздерің мен үкімдеріңнің бәрін естуші) һәм Басир (не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруші).[11]
Сахаба Бурайда ибн әл-Хасиб (р.а) Пайғамбарымыздан (жеткізеді: « Қазы (судия) үш түрлі, екеуі тозақта, біреуі ғана жәннатта: бір қазы ақиқатты білді және сонымен үкім шығарды, ол жәннатта. Екіншісі адамдарға білімсіздікпен үкім шығарды, ол тозақта. Үшіншісі үкімде біле тұра зұлымдық етті, ол да тозақта»[12].
Бір яһуди Әли ибн Әби Талибтің үстінен шағымданып, Омар ибн әл-Хаттабқа келеді. Әли Омардың алдына келіп отырғанда, Омар: «Уа, Әбу әл-Хасан! Тұр да, қарсыласыңның жанына барып отыр»,– дейді. Али айтқанын орындайды. Мұсылмандардың әміршісі Алидің жүзінен ашу мен қобалжу белгілерін байқайды. Дегенмен қазылық біткенге дейін байқамаған сыңай танытады. Сосын Алиге: «Уа, Али, қарсыласыңмен бірге қойғанымды ұнатпай қалдың ба?» – дейді. Сонда Әли: «Жоқ, менің қобалжу себебім, сен мені кунияммен (Әбу әл-Хасан деп) шақырып, қарсыласымды олай шақырмай, екеумізге тең қарамадың. Содан яһудидің мұсылмандардың арасында әділдік жоғалған екен деп ойлап қалуынан қорықтым»,– деген.
Өйткені, Омардың Әлиді «Уа, Әбу әл-Хасан!»,– деп шақырғаны секілді, арабтарда куниямен, яғни «пәленшенің әкесі» деп шақыру, сол кісіге деген құрметтің белгісі болып табылған екен!
б) Жазалауда әділдік жасау. Егер, заң адамдардың барлығына ортақ болмаса, ол елдің болашағы қиын болады, Айша анамыздан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұзын хадисіне былай дейді: « Расында сендерден бұрынғыларды құртқан нәрсе; аброй-мансапты адам ұрлық жасаса тиіспейтін, ал егер әлсіз адам ұрлық жасаса жазаға тартатын, Аллаға ант етемін Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, мен оның қолын кесемін»[13].
г) Бітімге келгенде әділдік жасау. Алла Тағала қасиетті сөзінде бізге бұйырады:
فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَهُمَا بِٱلْعَدْلِ وَأَقْسِطُوٓا۟ ۖ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُقْسِطِينَ
Екі топтың арасын әділ түрде жарастырыңдар һәм әркез қара қылды қақ жарғандай тура болыңдар. Өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді! [14]
д) Адамдарға ақысын бөлгенде әділдік жасау. Омардың халифа болып тұрған шағында олжаны, дінге ерте келгеніне және тегіне қарай бөлетін еді, Усама бин Зайдке төрт мың үлестірді, ал өз баласы Абдулла бин Омарға үш мың үлестірді, сонда Абдулла сұрайды: әке Усамаға не үшін төрт мың бердің? Омар: «Усаманың әкесі Пайғамбарымызға сенің әкеңнен сүйіктірек болатын, ал Усама сенен қарағанда Пайғамбарымызға сүйіктірек», деп жауап береді.[15]
Әбу Ханифаның әділ саудасы
Бірде Имам Әбу Ханифаға бір әйел келіп жібек матадан жасалған киім сатпақшы болады. Имам қанша тұратынын сұрағанда әлгі әйел киімді 100 дирхамға бағалайды.
Сонда Имам:
– Бұл киім оданда қымбат тұрады, – дейді. Әйел:
– Ендеше 200 дирхам, – деді. Әбу Ханифа сөзін қайталап:
– Бұл киім оданда қымбат тұрады, – дейді. Әлгі әйел 300 сосын 400 деп бағасын өсіре берді. Имам Әбу Ханифа:
– Бұл киім оданда қымбат тұрады, дей бергенде әйел:
– Сіз мені мазақ етіп тұрмысыз, – деп таңдана қарады. Сонда Әбу Ханифа:
– Мен бұны 500 дирхамға сатып аламын, – деп, жаңағы әйелдің тауарын лайықты бағасына сатып алған екен.
к)Балаларының арасында әділдік жасау. Еш қайсысын басқасынан артық көрмеу қажет, мейлі ол ұл болама әлде қыз болама немесе үлкен болама, кіші болама тең көру керек. Сыйлық бергенде, тіпті сүйгенде де араларын ажыратпау тиіс. Әлбетте жасына және ұл-қыздығына қарай өзіндік тәртіптер болары белгілі, дегенмен басқа балалары ренжімейтіндей қарым- қатынас жасау әділдік болып табылады. Бұл мәселеде Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) назарынан тыс қалмаған:
عن النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ:” أَعْطَانِي أَبِي عَطِيَّةً فَقَالَتْ عَمْرَةُ بِنْتُ رَوَاحَةَ: لَا أَرْضَى حَتَّى تُشْهِدَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَأَتَى رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: إِنِّي أَعْطَيْتُ ابْنِي مِنْ عَمْرَةَ بِنْتِ رَوَاحَةَ عَطِيَّةً؛ فَأَمَرَتْنِي أَنْ أُشْهِدَكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: أَعْطَيْتَ سَائِرَ وَلَدِكَ مِثْلَ هَذَا؟! قَالَ: لَا. قَالَ: فَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْدِلُوا بَيْنَ أَوْلَادِكُمْ. قَالَ: فَرَجَعَ فَرَدَّ عَطِيَّتَهُ”
Нуғман бин Баширден жеткен хадисте айтады: «Әкем маған сыйлық берді, сонда Умра бинт Рауаха айтты: «бұл жағдайды Пайғамбарымызға айтпайынша риза емеспін». (Әкем) Пайғамбарымызға келіп жағдайды айтты, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Осындай сыйлықты басқа балаларыңа да бердіңбе?» деді, (әкем) «жоқ», деп жауап қатты, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алладан қорқыңдар да балаларыңның арасында әділдік жасаңдар» деді, сонда (әкем) сыйлықты қайтып алды»[16].Егер адам әділ болудың дүние ақыретте пайдасын білсе, басын өлімге тікседе әділеттіліктен бас тартпайтын еді, әділеттіліктің сыйы өте көп, соның бастыларына тоқталсақ:
1.Ақыретте үлкен дәрежеге ие болу. Алла біреуге билік берсе, ол билігінде әділ болса, біріншіден дұғасы қабыл болады, ал қияметте ешқандай көлеңке болмағанда Аршының көленңкесінде тұрады, хадисте:
«Жеті адам ешқандай көлеңке болмағанда Аршының көлеңкесінде тұрады: соның бірі әділ патша…»[17].
2.Жеке бас және қоғам дүние ақыретте бақытты өмір сүреді. Алла Тағала Құранда былай дейді:
هَلْ جَزَآءُ ٱلْإِحْسَٰنِ إِلَّا ٱلْإِحْسَٰنُИә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?![18].
Тек Алладан қорыққан адам ғана әділдік жасай алады, себебі «мені Алла көріп тұр» деген сезім болмаса тақуалықты сақтай алмайды, қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дегендей, Құдайдан қорыққан ғана ісін ойлап жасайды, Әділетті кісі ол тақуа адам, ал тақуалықтың сыйы өте керемет:
وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يَجْعَل لَّهُۥ مَخْرَجًا وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ ۚКімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе және Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Сондай-ақ оған еш ойламаған жерден ризық нәсіп етеді.[19]
Ескертіп өткеніміздей Әділдік орнында болмаса, ол жерде зұлымдық болады, үшінші жол жоқ. Ал Залым адам біреудің қарғысына қалып оңбайтыны айдан ашық, ақыретте болса жағдайы мүшкіл, Құранда:
وَلَا تَحْسَبَنَّ ٱللَّهَ غَٰفِلًا عَمَّا يَعْمَلُ ٱلظَّٰلِمُونَ ۚ إِنَّمَا يُؤَخِّرُهُمْ لِيَوْمٍ تَشْخَصُ فِيهِ ٱلْأَبْصَٰرُ(Уа, Мұхаммед!) Алла (күнәға белшесінен батқан) залымдардың не істеп, не қойып жүргенінен бейхабар деп ойлама. Ол бар болғаны, олардың ісін көздерді шарасынан шығаратын ғаламат күнге қалдыруда.[20] Алла Тағала баршамызға әділдік инсап тауфиқ берсін! Бір Өзі еліміздің ішін даудан, сыртын жаудан сақтасын! (әумин)
اللَّهُمَّ لَا تَدَعْ لَنَا ذَنْبًا إِلَّا غَفَرْتَهُ وَلَا هَمَّا إِلَّا فَرَّجْتَهُ وَلَا دَيْنًا إِلَّا قَضَيْتَهُ وَلَا حَاجَةً مِنْ حَوَائِجِ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ إِلَّا قَضَيْتَهَا يَاأَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ *
رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ وَصَلَّى اللهُ عَلَى سَيِّدِنَا وَنَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ الأَخْيَارِ وَسَلَّمَ تَسْلِيمًا كَثِيراً.
[1] («Нахыл» сүресі 16:90)
[2] («Нисә» сүресі 4:58)
[3] Әбу Дауіт хадистер жинағы
[4] Насаий-сахих
[5] («Нәмл» сүресі 27:60)
[6] Абай
[7] Шәкерім
[8] («Бақара» сүресі 2:195)
[9] Табарани
[10] Бухари
[11] («Нисә» сүресі 4:58)
[12] Тирмизи
[13] Екі сахих
[14] («Хужурат» сүресі 49:9)
[15] Ибн Асакир
[16] Әбу Шайба
[17] Сахихайн
[18] («Рахман» сүресі 55:60)
[19] («Талақ» сүресі 65:2-3)
[20] («Ибраһим» сүресі 14:42)