Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданық сотының ғимаратында аудандық сот судьяларымен, мамандарымен, қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағым мүшелерінің адасқан тұстары және олардың алдын алу жолдары» атты тақырыпта кезедсу өтті.
Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, наиб имам, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.
Кездесу барысында наиб имам жақында ғана болған «Жусан операциясына» қатысты тоқталып өтті және керағар ағым мүшелерінің әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді әрі тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.