Бүгін жұма намазында белгілі дін қайраткері Абдулла қажы Жолдас Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде болып, жергілікті жамағатпен жүздесті.

«Татулық пен бірлік!» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ата дініміздің дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен егіздігін, ұл-қызына обал мен ұятты ұқтырып өсірген тәрбиеміздің түп-тамыры да мұсылманшылықтан бастау алатындығын тілге тиек етті. Бүгінгі ұлан-ғайыр қазақ даласындағы бейбіт заманның қадірін білу, ауызбіршілігімізді сақтау, білектің мықтылығын біреуге жәбір көрсетуде емес, жақсылық жасауға жұмсау, дінді дұрыс үйрену, бір-бірімізді бауыр деп танудың маңыздылығына тоқталды. Уағыз соңында елдің есендігін, исламның өркендеуін тілеп, дұға жасады.

Ислами тақырыптарда жазылған бірнеше кітаптардың авторы, Мәуліт мәтінін қазақ тіліне аударған Абдулла қажы Жолдас қазір Шымкентте қонақта. Ұлағатты ұстаз бұған дейін Құран аударып жатқандығын айтқан болатын.

Бүгін жамағатымыздың ақсақалдарына, өзінің шәкірттеріне «Құран кәрімнің тәпсірі» 1-ші кітабын сыйға тартты.

https://www.youtube.com/watch?v=UX6baMjjUs0

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38