Күндердің күнінде үсті-басы лас, киімдері жыртылған он жасар шамасындағы бір бала балмұздақ сататын дүкенге кіріп келеді. Іште бос орындыққа отырып жайғасады. Күтуші балаға жақындап:
— Не қалайсың?-дейді жақтырмастан. Бала:
— Какао қосылған балмұздақ қанша тұрады, деп сұрайды. Күтуші:
— 5 доллар. Бала қалтасына қолын салып, ақшасын санап қараса 5 доллар бар екен. Күтушіге қарап:
— Какаосыз балмұздақ қанша тұрады?-деді күлімсіреп. Күтуші:
— 4 доллар болады,-деді күрсініп. Бала сәл ойланып:
— Жақсы, мен какаосыз бір балмұздақ алайын,-деді. Содан балмұздақты жеп, отырған орнына қосымша 1 доллар қосып дүкеннен шығып кетеді. Күтуші ақшаны алуға келгенде, столдың бетінде ақшаның жанында бір хат болады. Хатты оқыған күтуші, бойы сыздап, көзіне еркісіз жас келеді. Онда:
— Мен какаосыз балмұздақ алып, мына қалған 1 долларды сіздің қызметіңізге қалдырдым. Рахмет сізге, балмұздақ какаосыз да дәмді екен,-делінген.
Түйін: Адамды сыртқы киіміне, жасына, түріне қарап бағаламаңыз. Себебі, оның бойындағы адами қасиеті сіздікінен асып түсуі мүмкін.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы