Алла тағала жанды жаратылыстардың ішінде ең абзалды етіп, саналы адамзатты жаратты. Адам (ғ.с) атамен Һауа анадан бастап отбасы құрылып, ұрпақ жалғасып келеді. Отбасы, жанұя бір-біріне жақын мағыналас сөздер.Ислам дінінде отбасы неке шарттарына сәйкес,ер мен әйелдің келісімімен құрылады.
ПайғамбарымызМұхаммад с.ғ.с-ның хадисінде:» Үйлену менің –сүннатым»-деген.Ислам шариатында біздің әрбір тіршілігіміз қамтылған.соның ішінде отбасын құру, ер мен әйеларасындағы некелесіп шаңырақ көтеру ерекше көңіл бөледі.
Отбасы құрудың негізі мыналар:
1. Ұрпақ жалғастыру:
2. Жақындарын көбейту
3. Нәпсісін тежеу.
Отбасы кіші мемлекет дейміз.Отбасының өз басшысы, қамқоршысы,қорғаушысы,тәрбиешісі ата-анасы болып табылады.құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендер өздеріңді және бала-шағаларыңды адамдар мен тастарды отын етіп жағатын, рахымсыз, қолы қатал періштелер басқаратын тозақ отынан сақтаңдар. Ол періштелер Аллаһ әмірін екі етпейді, өздеріне не бұйырылса, соны орындайды») Тахрим сүресі-6 аят)- деп бұйырған.Бұл жердегі өзімізді және жанұямызды жаханнам азабынан сақтау Аллаһ Тағала бұйырған әміріне сәйкес имандылық жолымен жүріп, балаларымызды мұсылмандық санамен мәдениетіне сай тәрбиелеу арқылы ғана болатындығы ескертіледі.Отбасыдағы ер адамның өзінің отбасының алдында міндеттері бар:
1. Отбасын шамасына қарай қамтамасыз ету
2. Ұзақ сапарға (сауда, іссапар)шығатын болса , өзінің қайтып сапарынан оралғанша қажетті заттармен қамтамас етіп кету.Мысалы:Азық-түлік, киім-кешек, отын су т.б
3. Әйелін құрметтеу, сыйлау
4. Бір жаққа шығатын болса баратын жерін ескерту
Өйткені арқа сүйер азаматы-отағасы ескертусіз кетсе ,отбасының қатты алаңдау түрлі қорқынышты жаман ойлар берілуі мүмкін.
Әйел адамның ерінің отбасының алдындағы міндеттері:
1. Бала шағаларды тәрбиелеу
2. Ерін құрметтеу,сыйлау
3. Бір жаққа шығу үшін ерінің жауап-рұхсатымен шығу(рұхсатсыз шықпау)
4. Ері шариатқа сай жалпы үгіт-насихат айтатын болса соған амал ету(орындау).
Отбасы бақытты ғұмыр кешуін Аллаһ Тағаладан тілеп қаламыз.
ҚМДБ-ының филиалы
Қазығұрт ауданы бойынша бас имамы
Полатов Еркін Тұрғынұлы