Ардақты Алла елшісі (с.а.у) туылған айының құрметіне орай бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Имам Ағзам» мешітінің ұйымдастырумен 5 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» ақсақалды аталар мен ақжаулықты апаларға ақ дастархан жайылып ілтипат көрсетілді.
Ата-апаларымызға арнайы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев мәуліт айымен құттықтап бұл айдың мән-маңызы жайында уағыз айтты.