Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында достық нығайып келеді. Түркістан облысы, Сарыағаш, Келес аудандарына арнайы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласынан  тәжірибе алмасу мақсатында бір топ имамдар келді. Әуелі аудан әкімшілігінде Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың арнайы қабылдауында болды. Жиынға Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, келген қонақтарға сапарларына  сәттілік тіледі. Үш күндік сапар жалғасында «Сарыағаш» медресе-коледжнің тыныс тіршілігімен танысты. Медресенің директоры Абдуғаппар Смановтың қабылдауында болды. Медресе шәкірттеріне тыныштық ұлы нығмет оны қадірлей білу керектігін, білім алудың артықшылығы туралы уағыз айтты.

Сарыағаш, Келес аудандарындағы мешіттерде асыр, шам және құптан намаздарында жамағатқа қазіргі таңда белең алып тұрған қоғамдағы керағар ағымдарға тосқауыл қою, ынтымақ ауызбіршілік, бір мәзхабта болу, мәуліт айының артықшылы, т.б. тақырыпта уағыз-насихат жүргізді. Үш күн Қазақ елінде іс сапарда болған өзбек имам бауырларымыз өз отандарына көңілді қайтты.












By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38