Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Базар қақпа тұрғын алабында №124 мектепте кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.
Наиб имам өз кезегінде жоғарғы сынып оқушыларына деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат беріп әрі интернетті, әлеуметтік желілерді қолданда мән беретін жайттарға тоқталып өтті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.