ЖАНТ мүшесі А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп, № 75-ші мектеп-гиманазиясында және Асанбай Асқаров атындағы № 77 мектепте кездесу өткізді. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасынынң ұйымдастыруымен ЖАНТ мүшесі Ергазиев Қайрат жоғарғы сынып оқуышыларымен орыс тілінде кездесу өткізді. Кездесу барысында деструктивті діни ағым жетегінде жүрген азаматтар жайлы ақпараттар беріліп, одан сақтану жолдарын да атап өтті. Бұдан бөлек, елімізде көптеген теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың сот шешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығын да түсіндіріп өтті. Кездесу соңында әлеуметтік желідегі теріс діни ақпарат көздерінен сақ болу жөнінде қосымша қажетті мағлұматтар беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берді.