Jan dubiemmen bolgan suxbat

Jan dubiemmen bolgan suxbat

– Уайымым жеңілдеу үшін не істеймін?

– Білесіз бе, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Алла тағала əрдайым истиғфар (кешірім) айтуды əдет еткен пендесіне кез-келген ауыр жағдайдың шешімін көрсетіп, барлық уайымын жеңілдетеді». (Хадис)
– Онда не істеу керек?
– Қиын түгі де жоқ. Тек күніне 70 немесе 100 мəрте «Əстағфируллаһ уə əтубу илəйһи» (мағынасы: Аллаһым! Өзіңнен кешірім сұраймын жəне Саған тəубе етемін) деп шын жүректен айтуды əдет етсеңіз, Алланың қалауымен бəрі жақсы болады. Бір сөзбен, өмірде жолыңыз мүлдем ашылады. Тағы айтам, осылай айтуды тоқтатпа. Бұл айтқаным, жақсы əдетіңнің қатарынан табылсын!
– Истиғфардың пайдасы қандай?
– Истиғфар айтудың қысқаша пайдасы мынадай:
– Көктен жауған жаңбырмен ауаның тазаратыны секілді көңілден жасалған тəубемен күнə атаулы жуып-шайылады.
– Хадисте айтылғандай уайым сейіліп, ауыр жағдай артта қалады.
– Күнəдан тəніңіз тазарады.
– Сауапқа жаның жақын жүреді…
– Истиғфар айтпаудың зияны бар ма?
– Бірінші мынаны ұмытпа! Үлкенді-кішілі күнə істер жақсылыққа, мақсат-мұратыңызға тосқауыл болады да тұрады.
– Сауапты сезінбей, онан алыс жүресіз.
– Жүрегіңіз күнəнің дағынан қарая береді.
– Күнə істі мұрынға қонған шыбын құрлы көрмейтін боласыз.
– Жүзден нұр қашып, жүзі қараға айналасыз.
Түйіндеп айтсам, адами құндылықтар бойдан бірте-бірте ажырай береді.
– Рахмет. Жанымды жадыратып, рухымды азықтандырған жауабыңызға. Истиғфар айту менің күн сайынғы серігіме айналады. Сіз де оқырман! Истиғфар айтып жүруді əдет етіңіз…

 

Қайырбек Отызбаев, Дінтанушы 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38